Амир Омарханов жұптық сында Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты

10.07.2025    Оқылғаны: 486
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Амир Омарханов жұптық сында жасөспірімдер арасында Уимблдон турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Қазақстандық теннисші ресейлік Егор Плешивцевпен бірге «Үлкен дулыға» жарысының 2-ракеткалары, ресейлік Тимофей Дерепаско – италиялық Якопо Васамидің мысын басты. Бір сағат 12 минутқа созылған бәсекеде қазақстандық-ресейлік дуэт 6:3, 6:2 есебімен басым түсті.

Омарханов – Егор Плешивцев жартылай финалға шығу үшін оңтүстікафрикалық Коннор Доиг – үндістандық Криш Туягимен таласады.

Қазақстандықтар Заңғар Нұрланұлы – Дамир Жалғасбай екінші айналымда америкалық Джеггер Лич – ұлыбританиялық Оливер Бондингке есе жіберіп, ширек финалдан тыс қалды – 3:6, 6:4, 8:10.


 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер