Сандуғаш Кенжебаева Қытайдағы жарыстың финалында есе жіберді

07.07.2025    Оқылғаны: 720
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Мааньшань (Қытай) ITF W15 турнирінің финалында өнер көрсетті. 

Шешуші бәсекеде қазақстандық спортшы ресейлік Софья Лансеремен бірге турнирдің 2-ракеткалары, таилық Пеангтарн Плипуек — қытайлық Цзяци Ванмен чемпиондық атақты сарапқа салды. 

Кенжебаева Лансеремен бірге мамыр айында осы додада чемпион атанған еді. Бұл жолы тартысты өрбіген бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп тай-брейкте табандылық танытты – 7:6 (8:6). Екінші сетте таилық-қытайлық дуэт есе қайырды - 6:4. Содан кейін супер тай-брейкте сәтті ойнады - 10:4.

 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер