Уимблдон: Елена Рыбакина үшінші айналымға жолдама алды
Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы, 26 жастағы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты.
Қазақстандық теннисші екінші ойынын әлемдік рейтингіде кезінде 3-орынға дейін көтерілген, қазір 77-сатыдағы грекиялық, 29 жастағы Мария Саккаримен өткізді.
Қарсыластар осыған дейін бес рет кездесіп, соның төртеуінде Рыбакина жеңген еді. Бұл жолы қазақстандық теннисші матчты сәтті бастады – 2:0. Содан кейін сетті тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:3. Екінші сетті қарсыластар брейк алмасумен бастады. Бұдан соң Елена дес бермеді - 6:1
Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 22-ракеткасы, даниялық Клара Таусон немесе рейтингіде 39-орындағы ресейлік Анна Калинскаяның қай жеңгенімен ойнайды.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
20.01.2026
ҚТФ баспасөз қызметі
20.01.2026
ҚТФ баспасөз қызметі