Үлкен дебют: Бейбіт Жұқаев алғашқы Уимблдон, қолдау, жаңа мақсаттары туралы

03.07.2025    Оқылғаны: 507
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
– Бейбіт, алғаш рет Уимблдон турнирінде өнер көрсетуіңмен құттықтаймыз. Әсер қандай? 
– «Үлкен дулыға» жарысына қатысуды бала кезден армандадым. Сол арманымның Уимблдонда орындалғанына қуаныштымын. Іріктеу сайысынан өтіп, мықты қарсыласпен ойнаудың өзі – үлкен жетістік.  Коболлимен бірінші және екінші сет өте тартысты болып, партия тағдырын сәттілік шешті. Үшінші сетте ол күш алып кетті де, ауыр болды. Оның үстіне іріктеу кезіндегіге қарағанда, негізгі жарыстағы корттар өзгешелеу болды. Ойын кортында бір-ақ рет жаттықтым, сондықтан бұл жеткіліксіз еді.  Маған бұл корт тез ойынға арналғандай көрінді. Уақыттың тығыздығынан бұл төсенішке бейімделіп үлгермеген де шығармын.  Әрине, қарсыластың деңгейі де жоғары, ол – ТОП-25-ке кіретін ойыншы. Дегенмен бұдан кейін де өсу үшін тәжірибе алдым деп ойлаймын.

– Алдағы жоспар жөнінде не айтар едің?
– Қазіргі кезде тордың жанында ойнау, доп қабылдау, тез қимылдау бағытында шеберлігімді ұштай түспекшімін. Дене дайындығы бойынша жаңа бапкерді іске қостым. Солтүстік Америкадағы турнирлерге дайындалудамын. Оған қоса  ATP  жарыстарына қатысуға бел будым, бұл челленджерлерге қарағанда, көбірек тәжірибе жинап, шеберлік деңгейі жоғары теннисшілермен байланыс ұстауға жәрдемдеседі.  

– Сен қолдаудың маңыздылығы жөнінде айттың. Жауапты сәтте кімдер жаныңда болды?
– Жүйелі қолдаусыз табысқа жету мүмкін емес. Қазақстан теннис федерациясы жасөспірім кезімнен қолдап келеді. Жарыстарға wild cards (уайлкард) береді, жаттығу корттары, қаржыландыру бар — мұның бәрі шешуші рөл атқарады. Биыл да қолдау жөнінде келісім жасалған. Моральдық қолдау туралы айтсам, негізгі жарысқа шыққан кезде күллі Қазақстанның маған жанкүйер болып жатқаны туралы естідім. Бұл – қазақстандық теннис үшін, әсіресе, Қазақстанда өмір есігін ашқан ойыншы үшін жақсы нәтиже. Бұл теннис федерациясы үшін де, Қазақстан үшін де үлкен табыс деп есептеймін. Бәріне қолдау үшін алғысымды айтамын.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер