Александр Бублик Германиядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Бублик Галле (Германия) ATP 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Осының алдында екінші айналымда әлемнің 1-ракеткасы, италиялық Янник Синнерді ұтып, сенсация жасаған қазақстандық теннисші ширек финалда рейтингіде 23-орында тұрған чехиялық Томаш Махачпен шеберлік байқасты.
Қарсыластар бұған дейін өткен жылы Дубай (БАӘ) ATP 500 турнирінің алғашқы айналымында кездесіп, онда тартысты бәсекеде Бублик 2:6, 6:3, 7:6 (7:5) есебімен жеңген еді.
Бұл жолы Бублик 7:6 (7:2), 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Александр Бублик финалға шығу үшін әлемнің 22-ракеткасы, ресейлік Карен Хачанов немесе рейтингіде 63-сатыдағы аргентиналық Томас Мартин Этчеверридің біреуімен ойнайды.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.