Қазақстандық жас теннисшілер Өзбекстандағы жарыста үздік шықты
Өзбекстанның Ферғана қаласында 12 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионатының Орталық Азия бойынша іріктеу турнирі мәресіне жетті.Аталмыш жарыста Қазақстан құрамасы үздік өнер көрсетті.
Ел намысын ұлдардан Сырымжан Барлықов (Ақтөбе), Әмірхан Қуанышбеков, Евгений Щетнкиков (екеуі де Алматы) қорғады. Капитаны Руслан Арепринцев.
Қыздардан Мартина Курбатова (Алматы), Мария Гуля, Влада Дегтярь (екеуі де Астана) сынға түсті. Капитаны Зарина Жұмажанова.
Қыздар Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан командаларымен кездесіп, барлығында жеңіске жетті.
Ұлдар да осы елдер құрамаларын тізе бүктірді.
Дода қорытындысы бойынша Қазақстанның қос құрамасы биыл күзде Сингапур елінде 12 жасқа дейінгілер арасында өтетін Азия командалық чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
11.07.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
10.07.2025
ҚТФ баспасөз қызметі