Елена Рыбакина мен Анна Данилина Лондон турнирінде сәтті өнер көрсетуде
Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина Лондон (Ұлыбритания) WTA 500 турнирін сәтті бастады.
Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 164-орында тұрған ұлыбританиялық Хитер Уотсонды сынап көрді.
Бірінші партияда есеп 3:3 болған мезетте Рыбакина брейк жасай білді. Сосын өз пайдасына аяқтады – 6:4. Қазақстандық спортшы екінші сетте де 2:0 есебімен алға шықты. Ақыры тағы бір брейкке қол жеткізіп, матчты жеңіспен түйіндеді – 6:2. Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 86-сатыдағы германиялық Татьяна Мариямен кездеседі.
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Анна Данилина Лондон (Ұлыбритания) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты. Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші мен ресейлік Диана Шнайдер ширек финалда аустралиялық Сторм Хантер — америкалық Дезире Кравчикпен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда есеп 2:2 болған мезетте қазақстандық-ресейлік жұп брейк жасап, алға шыққанымен, кейін Хантер — Кравчик таразы басын теңестірді — 5:5. Дегенмен тай-брейкте Данилина — Шнайдер сәтті ойнады — 7:6 (7:4). Екінші сетте де Анна мен Диана 2:0 есебімен алға кеткенімен, қарсыластары іле-шала есе қайтарып үлгерді — 2:2. Әйтсе де Данилина — Шнайдер тағы бір брейк жасап, матчты жеңіспен аяқтады — 6:4.
Данилина/Шнайдер финалға шығу үшін доданың 3-ракеткалары, аустралиялық Эллен Перес — қытайлық Чжан Шуаймен ойнайды.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
11.07.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
10.07.2025
ҚТФ баспасөз қызметі