Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінің финалисті атанды

08.06.2025    Оқылғаны: 193
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Анна Данилина Франция ашық чемпионатаның финалында өнер көрсетті.

Қазақстандық теннисші сербиялық Александра Круничпен бірге соңғы бәсекеде жарыстың 2-ракеткалары, италиялықтар Сара Эррани - Жасмин Паолинимен кездесті.

Бірінші партияда италиялық жұп 6:4 есебімен басым түсті. Екіншісінде қазақстандық-сербиялық дуэт есе қайырды - 6:2. Шешуші, үшінші сетте италиялықтар дес бермеді - 6:1.

«Анна Данилинаны тамаша ойынымен және Франция ашық чемпионатының финалында өнер көрсетуімен құттықтаймын. Анна «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі жетістіктерімен Қазақстан теннис жанкүйерлерін бірінші рет қуантып отырған жоқ: 2023 жылы ол АҚШ ашық чемпионатында миксте үздік шықты, ал 2022 жылы Аустралия ашық чемпионатында жұптық сында финалға дейін жетті. Барлық теннис жанкүйерлері атынан Қазақстанда теннистің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін,  жастарға көрсетіп отырған үлгісі үшін Аннаға шынайы алғысымды білдіргім келеді. Біз оның табыстарын мақтан етеміз», - деді құттықтау сөзінде Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер