Ролан Гаррос: Александр Бублик әлемнің 1-ракеткасына жол берді
Қазақстанның бірінші, әлемнің 62-ракеткасы Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің жартылай финалынан тыс қалды.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 1-ракеткасы, италиялық Янник Синнермен шеберлік байқасты.
Қарсыластар осыған дейін өзара төрт рет кездесіп, соның үшеуінде Синнер жеңген еді. Бұл жолы да Синнер мықтылығын мойындата білді – 6:1, 7:5, 6:0.
Бір сағат 50 минутқа созылған бәсекеде Бублик 5 эйс жасағанымен, екі брейк-пойнтты пайдалана алмады. Синнер 5 эйс, 6 брейкпен (14 брейк-пойнт) көзге түсті.
Бублик әлемнің 1-ракеткасына жол бергенімен, Франция ашық чемпионатында алғаш рет ширек финалға дейін жетті. Осы табысы арқасында қазіргі кезде қазақстандық теннисші ATP Live рейтингісінде 43-орынға көтеріліп тұр.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
11.07.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
10.07.2025
ҚТФ баспасөз қызметі