Ролан Гаррос: Данилина жарыстың 1-ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шықты
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші ширек финалда сербиялық Александра Круничпен бірге «Үлкен дулыға» жарысының 1-ракеткалары, чехиялық Катержина Синякова – америкалық Тэйлор Таунсендке қарсы келді.
Бірінші партияда қазақстандық-сербиялық дуэт 7:5 есебімен басымдылық танытты. Екінші сетте Синякова – Таунсенд есе қайырды – 6:4. Үшінші, шешуші партияда Данилина – Крунич 4:0 есебімен алға кетті. Ақыры қазақстандық теннисші матчқа доп бергенде, нүкте қойды – 6:2.
Осылайша, сенсациялық жеңіске қол жеткізген Анна Данилина – Александра Крунич финалға шығу үшін норвегиялық Эйкери Норвегия – жапониялық Эри Ходзумимен ойнайды.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.