Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші сербиялық Александра Круничпен бірге үшінші айналымда «Үлкен дулыға» додасының 5-ракеткалары, америкалық Айша Мухаммад – нидерландылық Деми Схурспен кездесті.
Матчты қазақстандық-сербиялық дуэт қос брейкпен сәтті бастады – 3:0. Бұдан кейін Мухаммад – Схурс қайыра брейк жасағанымен, Данилина – Крунич дегеніне жетті – 6:4. Екінші сетте Анна мен Александра қарқынын тіпті үдетті - 6:0.
Анна Данилина – Александра Крунич жартылай финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, чехиялық Катержина Синякова – америкалық Тэйлор Таунсендпен ойнайды.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.