Ролан Гарростегі сенсация: Бублик әлемнің 5-ракеткасын еліне қайтарды

03.06.2025    Оқылғаны: 172
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 62-ракеткасы Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына өтті.

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 5-ракеткасы, ұлыбританиялық, 23 жастағы Джек Дрейпермен кортқа шықты.

Осыған дейін қарсыластар үш рет кездесіп, соның екеуінде Дрейпер жеңген еді. Бұл олардың топырақ төсенішіндегі алғашқы матчы еді. 

Бірінші партияда есеп 5:5 болған мезетте ұлыбританиялық спортшы брейк жасап кетті – 7:5. Есесіне екінші сетте Бублик есе қайырды – 6:3. Қазақстандық теннисші үшінші сетті 6:2 есебімен аяқтады. Александр төртінші партияны брейкпен бастады – 2:0. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4. 

Осылайша, Бублик өз спорттық жолында алғаш рет Франция ашық чемпионатының ширек финалына шықты. Александр  жартылай финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, италиялық Янник Синнермен кездеседі

 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер