
Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымында Остапенконы жеңді
WTA рейтингінде 11-орында тұрған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турниріндегі өнерін жалғастыруда.
Үшінші айналымдағы матчта қазақстандық теннисші — Латвия өкілі Елена Остапенконы (21 WTA) 6:2, 6:2 есебімен жеңді. Бір сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 6 эйспен бірге 14 брейк-пойнттың бесеуін құр жіберген жоқ.
Елена ширек финалға шығу үшін әлемнің 5-ракеткасы, Ролан Гаррос додасының төрт дүркін чемпионы, Польша өкілі Ига Швентекпен шеберлік таластырады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
11.07.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
10.07.2025
ҚТФ баспасөз қызметі