Ролан Гаррос: Бублик тұңғыш рет төртінші айналымға шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 62-ракеткасы Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің төртінші айналымына шықты.
Қазақстандық теннисші үшінші кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 200-орында тұрған 21 жастағы португалиялық Энрике Рошамен өткізіп 6:1, 7:5, 6:2 есебімен оңай жеңді. Бір сағат 41 минутқа созылған бәсеке барысында Бублик 9 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.
Осылайша, топырақ төсенішіндегі кортта ойнауды онша құп көрмейтін Бублик биыл сәтті өнер көрсетіп, өз спорттық жолында алғаш рет Ролан Гаррос турнирінің төртінші айналымына жолдама алды.
Александр Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 5-ракеткасы, ұлыбританиялық Джек Дрейпермен кездеседі.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
11.07.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
10.07.2025
ҚТФ баспасөз қызметі