Ролан Гаррос: Бублик сенсация жасап, алғаш рет үшінші айналымға өтті

29.05.2025    Оқылғаны: 223
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 62-ракеткасы Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші Франция ашық чемпионатындағы екінші кездесуін әлемнің 9-ракеткасы, аустралиялық Алекс де Минаурмен өткізді.

Бублик спорттық жолында осы кезге дейін Ролан Гарроста үшінші айналымға өтіп көрмеген еді. 

Бастапқы екі партия 6:2 есебімен аустралиялық теннисшінің пайдасына шешілді. Үшінші сетте Бублик 3:0 есебімен алға шыққанымен, басымдылықты ұстап тұра алмады – 4:4. Дегенмен ол тағы бір брейкке қол жеткізді – 6:4.

Төртінші партияда есеп 2:1 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасай алды – 3:1. Содан кейін сетті әдемі түйіндеді – 6:3. 

Бублик бесінші, шешуші сетті брейкпен бастады – 2:0. Тағы бір брейк – 4:1. Сосын матчқа доп бергенде, мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:2. 

Александр Бублик төртінші айналымға шығу үшін әлемнің рейтингіде 200-сатыдағы португалиялық Энрике Рошамен кездеседі.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер