Ролан Гаррос турнирі: Елена Рыбакина тартысты матчта жеңіске жетті

26.05.2025    Оқылғаны: 213
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирін сәтті бастады.

Парижде өтіп жатқан Франция ашық чемпионатының алғашқы айналымында қазақстандық теннисші дүниежүзілік рейтингіде 202-орындағы аргентиналық, 22 жастағы, іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі Хулия Риерамен кездесті.

Бірінші партияда екі брейк жасаған Рыбакина 5:1 есебімен алға кетті. Сосын сетке доп бергенде, қинала қойған жоқ — 6:1. Екінші сет барысында Елена екі рет алға шыққанымен, Риера қарымта қайырып, ақыры өз есебіне жазды — 6:4. Үшінші, шешуші сетте қазақстандық теннисші таразы басын аудара білді — 6:4.

Елена Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін рейтингіде 129-сатыдағы америкалық, 17 жастағы Ива Йовичпен кездеседі.
 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер