Елена Рыбакина Страсбург турнирінің финалына шықты

23.05.2025    Оқылғаны: 180
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде Елена Рыбакина ақтық сынға жолдама алды.

Қазақстандық теннисші үш сетке созылған тартысты матчта бразилиялық Беатрис Хаддад Майяны 7:6 (9:7), 1:6, 6:2 есебімен жеңді. Айта кетерлігі, шешуші үшінші сетте Елена 0:2 есебімен жеңіліп жатқан болатын. Ертең 24 мамыр күні еліміздің бірінші ракеткасы финалда ресейлік Людмила Самсоновамен кездеседі.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер