Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Дэвис кубогының іріктеу сайысын сәтті бастады

20.05.2025    Оқылғаны: 195
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Дэвис кубогының Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирі өтіп жатыр.

Қазақстан құрамасы (капитаны Сергей Квак) D тобына Қытай, Иран және Жаңа Зеландия командаларымен бірге түсті. Бастапқы матчта қазақстандықтар Жаңа Зеландияны 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Алдымен Михаил Мищенко тартысты матчта Бленд Лукуды тізе бүктірді — 6:3, 5:7, 6:4. Содан кейін Мансұр Сайынов Юн Лиамаға ес жиғызбады — 6:1, 6:0. Жұптық сында Мансұр Аңсар Ниетқалиевпен бірге Аливина — Лиамадан басым түсті — 6:3, 6:2.

Қазақстан өз тобында көш бастаса, Қытай екінші орында. Ертең қазақстандық жасөспірімдер Иранмен шеберлік таластырады. Иран Қытайға жол берді — 0:3.

Демеушілер:

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған əсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!

Forte
АДАМДАРҒА КӨМЕКТЕСЕМІЗ. КƏСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙМЫЗ. БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАЙМЫЗ.

Турнирдің бас демеушісі - Қазақстанның «RG Gold» алтын өндіру компаниясы
      
Əр сағат сайын A’SU ішіңіз

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер