
Жібек Құламбаева Мадрид турнирінің чемпионы атанды
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Мадрид (Испания) ITF W100 турнирінде үздік шықты.
Финалда Құламбаева мен Уэрго испаниялық Марина Бассольс пен Андреа Ласаро Гарсияны жеңді. Бірінші сетте испандықтар жеңіске жетті — 7:6 (9:7), алайда екінші сетте Жібек пен Николь есесін қайтарды — 7:6 (7:4). Жеңіс тағдырын шешкен чемпиондық тай-брейкте Қазақстан мен Италия өкілдері қарсыластарын 10:4 есебімен басып озды.
Бұл Құламбаева мен Уэргоның бірге жеңіп алған бесінші титулы. Алайда, бұл — олардың биылғы маусымдағы алғашқы жеңісі және W100 санатындағы алғашқы бірлескен жетістігі.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
23.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
18.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
18.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі