Қазақстан теннистен алғаш рет Virtus әлем чемпионатын өткізеді
2025 жылы 3-11 мамыр аралығында Астанадағы «Дәулет» теннис орталығында «Интеллектуалдық даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясы» РҚБ-ның (ЛИН спорт федерациясы) қолдауымен интеллектуалдық бұзушылығы бар спортшыларға арналған ірі халықаралық жарыс - теннистен Virtus әлем чемпионаты өтеді.
Тарихта алғаш рет аталмыш әлем біріншілігі Орталық Азияда өткелі тұр. Virtus додасына 8 ел: Қазақстан, Ұлыбритания, Бельгия, Аустралия, Польша, Италия, Үндістан, Франциядан мықты спортшылар қатысады деп жоспарланған. Жарыс II1, II2 және II3 санаты бойынша жекелей, жұптық және командалық сында өтеді.
«Бұл – инклюзивті спортты дамытудағы маңызды қадам. Қазақстан Virtus әлемдік қауымдастығын лайықты қарсы алады», деді Virtus президенті Марк Труффо.
«Біз Қазақстанның әлемдік инклюзивтік теннистің бір бөлігіне айналғанына қуаныштымыз», деді «Интеллектуалдық даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясы» РҚБ (ЛИН спорт федерациясы) президенті Дина Темірғалиева.
Virtus — интеллектуалдық бұзушылығы бар адамдарды дамытуға арналған жетекші халықаралық ұйым. Оған дүние жүзі бойынша 100-ден астам елден 7 мыңнан астам спортшы кіреді. Virtus аясында Паралимпиада ойындарын қосқанда, жеңіл атлетика, жүзу, үстел теннисі, велоспорт, баскетбол және басқа спорт түрлерінен жарыстар өтеді.
Virtus әлем чемпионаты — бұл тек жарыс қана емес, инклюзивті спортты, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және теңдік құндылығы мен спорттық орта қолжетімділігін алға жылжытуға қосылған үлес.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
23.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
18.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
18.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі