Қазақстан жасөспірімдері екінші рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шықты
Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті.
Қазақстандық жасөспірімдер ширек финалда камбэк жасап, Қытайлық Тайбэйді 2:1 есебімен жеңді.
Алғашқы тартысты бәсекеде Бексұлтан Бауыржанов Йенг Ценгке есе жіберді — 4:6, 6:4, 6:7 (4:7).
Екінші ойында Ахмади Мақанов Хуан Цайдан 6:3, 6:4 есебімен басым түсіп, таразы басын теңестірді.
Матч тағдыры жұптық сында шешілді. Мақанов Хақназар Жеткербаймен бірге Цай — Чанмен бәсекеде жеңісті жұлып алды — 6:3, 4:6, 10:6.
Осылайша, 14 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында екінші рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.
Қазақстан құрамасының капитаны Сағадат Аяп Азия — Тынық мұхит аймағында бәсекелестіктің жоғары болғанына қарамастан, жаңа табысқа қол жеткізгендерін атап өтті.
— Бұл — Қазақстан теннисі үшін маңызды жеңіс. Ел намысы үшін аянбай күрескен шәкірттеріме ризамын. Енді алдағы әлем чемпионатына мықтап дайындаламыз, — деді Аяп.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
23.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
18.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
18.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі