Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан құрамасы Аустралияны ұтты

10.04.2025    Оқылғаны: 370
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Аустралияның Брисбен қаласында Билли Джин Кинг кубогының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы корт иелерімен екінші кездесуін өткізді.

Бұл жолы Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина дүниежүзілік рейтингіде 61-орында тұрған Кимберли Бирреллмен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда аустралиялық спортшы брейк жасап, 3:1 есебімен алға шықты. Бірақ осыдан кейін Рыбакина қатарынан бес геймді алды – 6:3. Екінші сетті де сәтті бастаған Биррел 5:1 есебімен алға кетті. Дегенмен Елена табандылық танытып, таразы басын теңестірді – 5:5. Содан кейін тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:4).


Осылайша, Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен алға шығып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Рыбакина Қазақстан сапында 10 матч өткізсе, соның 8-ін жеңіспен аяқтады.

Жұптық сында Анна Данилина Жібек Құламбаевамен бірге Сторм Хантер – Эллен Переспен ойнайды.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!
 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер