Қазақстан құрамасы теннистен Билли Джин Кинг турнирін жеңіспен бастады
Аустралияның Брисбен қаласында Билли Джин Кинг кубогының іріктеу турнирі өтіп жатыр.
D тобында Қазақстан мен Аустралия командалары арасында матчта алғашқы болып кортқа Юлия Путинцева мен Майя Джойнт шықты. Қазақстандық теннисші әлемнің 23-ракеткасы болса, 18 жастағы қарсыласы 78-сатыда еді. Путинцева Джойнтты 6:2, 6:1 есебімен ойсырата ұтты. Бір сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында Путинцева 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.
Енді келесі матчта Елена Рыбакина Кимберли Бирреллмен ойнайды.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.