Бейбіт Жукаев Мексикадағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық, әлемнің 215-ракеткасы Бейбіт Жукаев Морелия (Мексика) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 176-ракеткасы, бразилиялық Фелипе Мелигени Алвестің мысын басты. Бірінші партияда тай-брейкте Бейбіт шеберлік танытты – 7:6 (7:5). Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте Жұқаев брейк жасап, сол басымдылығын сақтап қалды – 6:4.
Бейбіт жартылай финалға шығу үшін әлемнің 172-ракеткасы, швейцариялық Марк-Андреа Хюслермен кездеседі.
Қазақстандық, әлемнің 175-ракеткасы Тимофей Скатов Жирона (Испания) челленджер турнирінің екінші айналымына шықты. Доданы іріктеу сайыстарынан бастаған қазақстандық спортшы алғашқы айналымда әлемнің 107-нші, осы жарыстың 3-ракеткасы, Боливия өкілі Уго Дельенмен кездесті. Тимофей Скатов азулы қарсыласын 6:1, 6:3 есебімен ойсырата ұтты.
Тимофей Скатов ширек финалға шығу үшін әлемнің 189-ракеткасы, молдовалық Раду Алботпен шеберлік байқастырады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
21.04.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
17.04.2025
ҚТФ баспасөз қызметі