Ең кішкентайлар үшін теннис: Қазақстан балабақшаларында «Baby Tennis» бағдарламасы қалай енгізілуде
Соңғы жылдары азаматтар арасында спортпен айналысуға қызығушылық өсіп келеді. Ерекше назар аудартатын ең болашағы бар бағыттың бірі – теннис. Әңгіме ересектерге арналған дәстүрлі жаттығу емес, кіші жастағы балалар үшін арнайы әзірленген «Baby Tennis» бағдарламасы туралы болып отыр. Бұл бағдарламаны ел балабақшаларына енгізу – жаңалық қана емес, дені сау, үйлесімді дамуды қажет ететін, өзіне сенімді ұрпақты тәрбиелеудегі сенімді қадам.
«Baby Tennis» — бұл теннис негіздері мен дағдыларына балаларды 3 жастан бастап оқытудағы инновациялық әдіс. Алайда бұл жерде әңгіме үлкен ракеткалармен және қатты доптармен стандартты жаттығулар туралы емес, жұмсақ та қауіпсіз, сондай-ақ баланы ойын мен қозғалыс арқылы дамытуға бағытталған қызықты бағдарлама туралы болып отыр.
Балалар үйлесімділік негіздеріне, тез әрекет етуге және басқа балалармен бірге өзара іс-қимыл жасауға үйренеді.
Атап өту керек, «Baby Tennis» — тек спорттық белсенділік қана емес, сонымен бірге баланың бойында ынта-ықылас, ыждағаттылық, командада жұмыс істей біліп, ережені сақтау секілді маңызды өмірлік дағдыларды қалыптастыратын үрдіс. Балалар спорт негіздерін біліп қана қоймай, өмір бойына қажет болатын бағалы әлеуметтік және көтеріңкі көңіл-күй қасиеттерін бойына сіңіреді.
«Baby Tennis» бағдарламасын Қазақстан балабақшаларына енгізу не үшін қажет? Жауап анық – Қазақстан теннис федерациясы арқасында өмірде белсенді, сенімді әрі табысты бола алатын келешек ұрпақтың денсаулығы үшін негіз қалау мүмкіндігі. «Baby Tennis» сияқты ерте бастан дамыту бағдарламалары балалардың бойында спорт пен саламатты өмір салтына қызығушылығын қалыптастыру үшін тамаша жағдайлар туғызады.
Бұл бастамаға Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов қолдау көрсетті, ол «Baby Tennis» бағдарламасын елдің барлық балабақшаларында белсенді енгізуді тапсырды. Бұл стратегиялық шешім келешек ұрпақ спорттың барлық басымдықтарын пайдаланып, саламатты өмір салтын ұстануы үшін балалар арасында теннисті ерте бастан дамытуға, оларды белсенді ете түсуге бағытталған.
Еске сала кетсек, аталған бағдарлама алғаш рет Ақтөбе облысында табысты бастау алды. Содан кейін балалар үшін сабақтар Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Өскемен, Орал, Шымкент, Қостанай, Лисаковск, Павлодар, Екібастұз, Түркістан, Қарағанды, Талдықорған қалаларында қолжетімді болды. Қазірдің өзінде еліміз бойынша 93 балабақша қамтылған. Тек Астана қаласында бір жылдан сәл астам уақыт ішінде «Baby Tennis» 12 балабақшаны қамтыды, алдағы уақытта Қазақстанның барлық мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелерін қамту көзделуде.
Бүгін, 18 наурыз күні №42 «Бәйшешек» балабақшасында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығымен бірлесе отырып, «Baby Tennis» бағдарламасы салтанатты түрде іске қосылып, сондай-ақ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында Қазақстан теннис федерациясы Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығымен бірге «Baby Tennis» бағдарламасын еліміздің басқа балабақшаларында да белсенді енгізетін болады. Жобаны енгізу үшін Қазақстан теннис федерациясы мектепке дейінгі мекемелерге барлық қажетті спорттық жабдықтарды, соның ішінде теннис торы, ракеткалар мен доптарды жеткізеді. «Baby Tennis» балабақшаларда енді ғана қолға алына бастағанына қарамастан, қазірдің өзінде жаттығулардың балалардың үйлесімділігі мен ептілігін, тіпті тәртібін жақсартуға септесетінін атап өтуге болады. Балабақшаларда «Baby Tennis» бағдарламасын аяқтағаннан кейін балалар бұл тамаша спорт түрімен еліміздегі теннис орталықтарында айналысуды жалғастыра алады.
Балалары тенниспен айналысатын ата-аналар өздерінің оң әсерімен бөлісуде. «Бірнеше айға созылған сабақтан кейін менің ұлым епті және белсенді болып қана қоймай, өзіне сенімді бола бастады. Ол нәтижені қалай жақсартуға болатынын түсіне бастады – бұл оны жаңа табыстарға жетуге қанаттандырады!», дейді кішкентай теннисшілердің бірінің анасы.
«Baby Tennis» болашақта өз өмірін кәсіби спортпен байланыстырғысы келетіндер үшін бастапқы баспалдақ бола алады. Тіпті бала кәсіби теннисші болмаса да, бәрібір өзінің күшіне сену, тәртіп, командада жұмыс істей білу, өзін-өзі дамытуға қабілеттілік сынды маңызды өмірлік қасиеттерді бойына сіңіреді. Бағдарлама балалардың денесін шынықтырып қана қоймай, сонымен қатар кез келген өмірлік жағдайда жол тауып, табысқа жетуге жәрдемдеседі.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
21.04.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
17.04.2025
ҚТФ баспасөз қызметі