Александр Бублик АҚШ-тағы жарыстың финалында есе жіберді

17.03.2025    Оқылғаны: 605
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 82-ракеткасы Александр Бублик Финикс (АҚШ) челленджер турнирінің финалында ойнады.

Қазақстандық теннисші соңғы бәсекеде әлемдік рейтингіде өзінен екі саты жоғары тұрған 18 жастағы бразилиялық Жоао Фонсекамен кездесті. Екі партия да тай-брейкте Фонсеканың пайдасына аяқталды – 7:6 (7:5), 7:6 (7:0). Бір сағат 46 минутқа созылған тартысты матчта Бублик 15 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды

 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер