Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің төртінші айналымына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 38-ракеткасы, ұлыбританиялық Кэти Бултермен бетпе-бет келді.
Қарсыластар осыған дейін 2023 жылы Уимблдон жарысында кездесіп, онда Рыбакина 6:1, 6:1 есебімен ойсырата ұтқан еді.
Бұл жолы бірінші партияда қазақстандық спортшы бірде-бір гейм берген жоқ — 6:0.
Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте Еленаның қателігін пайдаланған Бултер брейк жасап, сосын өз геймін алып, алға кетті — 5:3. Дегенмен Рыбакина таразы басын теңестірді — 5:5. Содан кейін матчты тағы бір брейкпен түйіндеді — 7:5.
Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Мирра Андреевамен ойнайды.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.