Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореямен ойнайды

07.03.2025    Оқылғаны: 425
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Лондон қаласында Дэвис кубогы Бірінші әлемдік тобы матчтарының жеребесі тартылды.

Қазақстан құрамасы сырт алаңда Оңтүстік Кореямен кездеседі. 

Матч 12-13 немесе 13-14 қыркүйек күндері өтеді. Корт иелері ойын өтетін қала мен дәл уақытын кейін белгілейді.

Жеңімпаз құрама келесі командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жолдама алады. 

Бұл қос команданың үшінші кездесуі болмақ. Есеп әзірге тең – 1:1. 2007 жылы Корея өз алаңында қазақстандықтарды 5:0 есебімен ұтқан еді. Арада үш жыл өткенде, Қазақстан құрамасы өз алаңында дәл сондай есеппен қарымта қайырды.


 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер