Қазақстандық арбадағы теннисшілер әлем кубогының Азия іріктеу жарысында өнер көрсетті

03.03.2025    Оқылғаны: 216
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Іріктеу турнирі Коломбо (Шри-Ланка) қаласында өтті.

Қазақстан ерлер құрамасы Ирак, Иранмен, әйелдер Жапония, Үндістан және Қытайлық Тайбэймен бір топта ойнады. Өкінішке қарай, біздің құрамалар командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама ала алмады. Ең бастысы, қазақстандық арбадағы теннисшілер Азиядағы мықты құрамалармен ойында жақсы тәжірибе жинақтады. 

Қазақстанда арбадағы теннис 2022 жылдан бері дамып келеді. Сондықтан әлем чемпионатының іріктеу сайысына қатысудың өзі – үлкен табыс.  

Жарыс қорытындысында Айжан Бітімбаева арбадағы ойыншылар арасында ITF әлемдік рейтингісінде тарихта алғаш рет ТОП-100-ге кірді. Қазақстандық теннисші 92-орында тұр. Оның командалық әріптесі Жанат Үмітқұлова – 130-сатыда.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер