Бүгін Дүниежүзілік теннис күні аталып өтіледі

03.03.2025    Оқылғаны: 227
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Жыл сайын наурыздың алғашқы дүйсенбісінде бүкіл әлем бойынша миллиондаған адам жиналып, ғаламшардағы ең тартымды да тартысты, әдемі спорт  түрлерінің бірі – тенниске құрметін білдіреді. 

Бұл күні спорттық турнирлер, шеберлік сағаттары, мерекелік іс-шаралар және корт аңыздарымен әсерлі кездесулер өтеді. Қазақстан тек кәсіпқойлар ғана емес, жас спортшыларды, сондай-ақ қолына алғаш ракетка ұстағандарды тенниспен айналысуға тартып, бұл тамаша дәстүрді белсенді қолдайды. 

Азырақ теннис статистикасы: 
Халықаралық теннис федерациясының (ITF) соңғы мәліметтеріне сәйкес теннис әлемде кеңінен таралып келеді. Қазіргі таңда бұл спорт түрін 199 елде 106 млн астам адам таңдады, бұл бес жыл бұрынғыдан 25 пайызға көп. 
Қазақстанда теннис аса қарқынды дамуда: күні бүгін онымен 33 мыңнан астам адам айналысса, соның 20 мыңнан астамы – балалар мен жасөспірімдер. Соңғы жылдары елде ондаған жаңа корттар мен заманауи теннис орталықтары ашылды, ал қазақстандықтар халықаралық турнирлерде тұрақты түрде жүлде алуда. 

Ал сіз біздің сүйікті спорт түрі туралы мына деректерді білесіз бе?
Теннис ғаламшардағы ең кең таралған бес спорт түрінің қатарына кіреді. 
Теннисші орта статистикалық есеппен бір матчта 4-5 шақырымдай жүгіреді. 
2024 жылы Халықаралық кәсіби теннисшілер қауымдастығының сауалнамасына сәйкес жыл сайынғы Almaty Open жарысы әлемдегі үздік үш турнирдің қатарына енді.
Теннис тарихындағы ең ұзақ матч 2010 жылы Уимблдонда тіркеліп, 11 сағат 5 минутқа, үш күнге созылды. 
Даниялық ғалымдар теннис ойнау адам өмірін ұзартатынын анықтады. Зерттеулер тенниспен тұрақты айналысу орта есеппен 9,7 жылға ұзағырақ өмір сүруге мүмкіндік беретінін көрсетті. 
Теннисші бірде-бір ұпай жоғалтпай, жеңіске жеткен жағдай «алтын сет» болып аталады. Уимблдонда 2012 жылы қазақстандық Ярослава Шведова теннис тарихында «алтын сетке» қол жеткізген бір ғана теннисші атанды. 
Аустралиялық Сэм Грот көп жылдар бойы доп беру жөнінен әлемдік теннистің абсолютті рекордшысы болып келеді: 263,44 км/сағат. 

Бүгін бәріңізді теннис мерекесіне қосылып, өзіңіз үшін қызықты спорт түрін таңдау арқылы денсаулығыңызды шыңдап, жаңа табыстарға жетуге шақырамыз!

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер