Карен Хачанов Алматыда өтетін ATP 250 турниріне қатысатындығын растады

25.02.2025    Оқылғаны: 468
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Әлемнің 24-ші ракеткасы ресейлік теннисші Карен Хачанов Алматыда 2025 жылғы 11-19 қазан аралығында өтетін ATP 250 Almaty Open турнирге қатысатындығын растады.

Хачанов-турнирдің былтырғы чемпионы. Өткен жылы Карен финалда канадалық Габриэль Диаллоны 6:2, 5:7, 6:3 есебімен жеңген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың қорытындысы бойынша теннисшілер Almaty Open-ді маусымдағы үздік үш турнирдің бірі деп таныды. Almaty Open турнирінің ең жоғары стандарттары-Қазақстан теннис федерациясының ұзақ мерзімді стратегиясының бөлігі. Негізгі мақсат-турнир мәртебесін ATP 500 деңгейіне көтеру. Бұл Қазақстанға әлемдік теннистің одан да көп жұлдыздарын тартуға мүмкіндік береді және елімізде спортты насихаттауға және дамытуға оң әсер етеді.
 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер