Елена Рыбакина Доха турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Доха (Қатар) WTA 1000 турнирдің ширек финалына шықты.
Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 46-ракеткасы, Словакия өкілі Ребекка Шрамковаға қарсы келді.
Бірінші партияда Елена 3:0 есебімен алға шыққанымен, словакиялық теннисші таразы басын теңестірді. Тай-брейкте Рыбакина ес жиғызбады - 7:6 (7:1). Екінші сет қазақстандық теннисшінің айқын басымдылығымен аяқталды - 6:2. Бір сағат 26 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 4 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.
Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 2-ракеткасы Ига Швентекпен кездеседі.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
20.03.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
17.03.2025
ҚТФ баспасөз қызметі