Альбина Кәкенова Қарағанды турнирінің абсолютті чемпионы атанды
Қарағанды қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors J60 турнирі мәресіне жетті.
Жарыста астаналық Альбина Кәкенова тамаша нәтиже көрсетті.
Альбина жекелей сында финалда ресейлік Нели Иванованы тізе бүктірді - 7:6 (7:4), 6:3. Кәкенова жұптық сында астаналық Ариана Гогулинамен бірге соңғы бәсекеде Аружан Нұранбай - Сәтима Төрегенді жеңді - 6:2, 6:3.
Альбина Кәкенова Қарағандыда өткен жылы да жекелей сында үздік шыққан еді. Биыл жұптық сында да жеңімпаз атанды.
Тағы бір қазақстандық Заңғар Нұрланұлы жұптық сында Мысырда өткен ITF J300 жарыста финалға дейін жетті. Ол соңғы ойында поляк Алан Важнымен бірге аустриялық Тил Берман - ресейлік Иван Юткинге жол берді - 2:6, 6:1, 5:10.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
20.03.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
17.03.2025
ҚТФ баспасөз қызметі