Елена Рыбакина Әбу-Даби турнирінде камбэк жасап, ширек финалға шықты
Елена Рыбакина Әбу-Даби (БАӘ) WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 68-орында тұрған 23 жастағы америкалық Кэти Волынецпен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда қазақстандық теннисшінің жиі қателескенін пайдаланған Волынец 5:1 есебімен алға кетті. Ақыры ол есесін жібермеді – 6:2. Екінші сетті Елена брейкпен тәмамдады – 6:4. Үшінші, шешуші партияны Рыбакина брейкпен бастады – 2:0. Есеп 5:3 болып, матчқа доп бергенімен, ол мүмкіндігін пайдалана алмады. Дегенмен ойынды тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:4.
* Матч өте қиынға түсті. Әсіресе, бірінші сет ауыр болды. Дегенмен соның бәріне қарамай, ойынның менің пайдама шешілгеніне қуаныштымын, - деді Рыбакина.
Елена жартылай финалға шығу үшін әлемнің 33-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін финалисі, тунистік Онс Жабермен ойнайды.
Өткен жылы осы жарыста финалда ресейлік Дарья Касаткинаны 6:1, 6:4 есебімен жеңген Рыбакина жеңімпаз атанған еді. Биыл сол чемпиондық атағы мен рейтингілік ұпайын қорғауы тиіс.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
20.03.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
17.03.2025
ҚТФ баспасөз қызметі