Бес қазақстандық жас теннисші Еуропа рейтингісінде ТОП-100-ге кірді
Tennis Europe (TE) ұйымы 14 жасқа дейінгілер арасында жаңартылған рейтингіні жария етті.
Қазақстандық бес жас ойыншы ТОП-100-ге кірді. Ахмади Мақанов 13-орында қалса, Хақназар Жеткербай 30-дан 28-ге көтерілді. Олардың екеуі де – Ақтөбе теннис мектебінің түлектері.
Сондай-ақ Әмір Асқар жақсы көрсеткішімен көзге түсіп, 74-тен бірден 56-сатыға шықты. Қыздар арасында Тәмина Сәкен 83-інші, Әмина Нұрмахан 87-орыннан көрінді. Бұлардың үшеуі де Алматы қаласында теннис әліппесін үйренген.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.