Аңсар Ниетқалиев Астанада өткен турнирдің абсолютті чемпионы атанды
Астана қаласында «Дәулет» теннис орталығында 16 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe аясында өткен жарыс мәресіне жетті.
Қазақстандық жас теннисшілер бақ сынаған турнирде 15 жастағы Аңсар Ниетқалиев абсолютті жеңімпаз атанды. Ол жекелей сында финалда Жантөре Санжарұлын 6:3, 6:3 есебімен ұтты.
Сондай-ақ жұптық сында Даниэль Юреклимен бірге ешкімді шақ келтірмеді.
Қыздар арасында Сара Хамитова соңғы бәсекеде Тамина Сәкеннен айласын асырды – 6:0, 6:0. Жұптық сында Ясмина Дүйсембаева – Гүлден Азаматқызы үздік шықты.
Тағы бір қазақстандық Мәлика Әмірғалиева жасөспірімдер арасында Испанияның Манакоре қаласында Рафаэль Надаль теннис академиясында өткен ITF J100 турнирінде финалға дейін жетті.
Мәлика жұптық сында қытайлық Мин Ху Жоумен бірге финалда үш сағатқа созылған матчта испаниялық Марина Гатель – оңтүстіккореялық Ха Юн Сонға есе жіберді – 2:6, 7:6 (7:5), 4:10.

.jpg)
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
20.03.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
17.03.2025
ҚТФ баспасөз қызметі