Дэвис кубогы: Пәкістанмен матчта Бейбіт Жукаев 2:0-ге жеткізді

01.02.2025    Оқылғаны: 233
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Астана қаласында Дэвис кубогы бірінші әлемдік тобында Қазақстан мен Пәкістан арасында өтіп жатқан плей-офф матчының алғашқы күнгі ойындары аяқталды.

Қазақстандық теннисші пәкістандық Хузайфа Абдул Рехманмен шеберлік байқасты. Кездесу брейк алмасумен басталды. Тартысты өрбіген бірінші партия соңында Бейбіт тоғызыншы сет-пойнтты пайдалана білді — 7:5.
 
Екінші сет барысында пәкістандық спортшы жарақат алып қалғаннан кейін Жукаевтың басымдылығы тіпті арта түсті — 6:0. Осылайша, Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен алға шықты.
 
Жексенбі күні Қазақстан — Пәкістан матчында тағы үш ойын белгіленген. Қазақстандықтарға енді бір кездесуді жеңіспен аяқтаса, жетіп жатыр.
 
Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!
 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер