Португалиядағы жарыста Попконы ұтқан Жукаев ширек финалға өтті

24.01.2025    Оқылғаны: 150
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Әлемнің 244-ракеткасы Бейбіт Жукаев Оэйраш (Португалия) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды

Бейбіттің екінші айналымда отандасы, әлемнің 197-ракеткасы Дмитрий Попкомен жолы түйісті. 

Жукаев Попконы 6:3, 7:6 (7:3) есебімен ұтты.

Қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 231-орынға көтеріліп тұрған Бейбіт жартылай финалға шығу үшін әлемнің 149-ракеткасы, жапониялық Ясутака Утияма немесе рейтингіде 235-сатыдағы эстониялық Марк Лайальдың біреуімен кездеседі.

Осы жарыста рейтингіде 249-орындағы Денис Евсеев тартысты матчта әлемнің 209-ракеткасы, франциялық Валентин Ройеге жол беріп, ширек финалдан тыс қалды – 2:6, 6:2, 4:6.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер