16 жастағы Заңғар Нұрланұлы әлемнің 1-ракеткасымен бірге жаттықты
Қазақстандық теннисші, 16 жастағы Заңғар Нұрланұлы Аустралияның Мельбурн қаласында әлемнің 1-ракеткасы, Италия жұлдызы Янник Синнермен бірге жаттықты.
Қазіргі кезде жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде 40-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы Синнердің аустралиялық Алекс де Минормен ширек финалдағы ойынына дайындалуына жәрдемдесті.
Биыл жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатына қатысқан Заңғар жекелей сында екінші айналымға дейін жетті.
Сонымен қатар үндістандық Криш Тиаджимен бірге жұптық сында өнер көрсетіп, онда да бір ойынын жеңіспен аяқтады. Бұл Заңғар Нұрланұлының «Үлкен дулыға» турниріне алғаш рет қатысуы еді.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
11.02.2025
ҚТФ баспасөз қызметі