Australian Open: Амир Омарханов үшінші айналымға жолдама алды

21.01.2025    Оқылғаны: 162
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Амир Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты.

Жасөспірімдер арасында әлемнің 4-ракеткасы Омарханов екінші айналымда аустралиялық Юмерали Ибраимиді жарыс жолынан тайдырды.

Қазақстандық теннисші бірінші партияда 6:4 есебімен басым түсті. Амир екінші сетте есеп 5:2 болған мезетте матчқа доп бергенімен, сол мүмкіндігін мүлт жіберді. Дегенмен ойынды тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:3. 

Бәсеке 1 сағат 35 минутқа созылды.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Омарханов ширек финалға шығу үшін швециялық теннисші, 17 жастағы Виллям Режхтман Винцигаррамен кездеседі.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер