Australian Open: Елена Рыбакина ширек финалдан тыс қалды

20.01.2025    Оқылғаны: 172
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына шыға алмады.

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 14-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен шеберлік байқасты. 

Қарсыластар осыған дейін төрт рет кездескен еді, есеп тең – 2:2. Өткен жылы Майамидегі (АҚШ) соңғы ойында Рыбакина 6:3, 7:5 есебімен жеңген болатын.

Бұл жолы бірінші партияда Киз брейкпен алға кетті – 3:1. Содан кейін сетті тағы бір брейкпен бітірді – 6:3. 

Екінші сетті Рыбакина сәтті бастап, айқын басымдылыққа қол жеткізді – 6:1.

Үшінші, шешуші партияда Рыбакина өз мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, Киз сондай сәттерде сәтті ойнады - 6:3.

Осылайша, ересектер арасында Аустралия чемпионатында Қазақстаннан ешкім қалмады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер