Australian Open: Елена Рыбакина екінші айналымға шықты

14.01.2025    Оқылғаны: 154
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 293-орында тұрған 16 жастағы аустралиялық Эмерсон Джонспен шеберлік байқасты.

Бұл жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде бірінші орында тұрған Эмерсон Джонстың «Үлкен дулыға» турниріне алғаш қатысуы еді.

Еленаға бастапқы сетті аяқтауға 26 минут уақыты кетті – 6:1. Екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте қарсыласының қателігін пайдаланған Рыбакина брейкке қол жеткізді. Матчты тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:1.

Елена Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 191-ракеткасы, 17 жастағы америкалық Ива Йовичпен кездеседі.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер