Пәкістанмен өтетін кездесуде Қазақстан намысын қорғайтын теннисшілер белгілі болды
Астанада 1-2 ақпанда теннистен Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобында Қазақстан құрамасы Пәкістан спортшыларымен шеберлік байқасады.
Қазақстан құрамасының Юрий Щукин бастаған бапкерлер штабы мына ойыншыларға сенім артты.
Аталмыш матчта ел намысын Александр Шевченко, Тимофей Скатов, Дмитрий Попко, Бейбіт Жукаев және Денис Евсеев қорғайды. Ойындар Beeline Arena стадионының жабық хард корттарында өтеді.
Дэвис кубогының іріктеу матчтары үш сеттік төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
11.02.2025
ҚТФ баспасөз қызметі