Юлия Путинцева Аделаидада әлемнің экс 2-ракеткасын қапы қалдырды
Қазақстанның екінші, әлемнің 25-ракеткасы Юлия Путинцева Аделаида (Аустралия) WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші 1/8 финалда әлемнің 40-ракеткасы, дүниежүзілік рейтингіде кезінде 2-орынға дейін көтерілген тунистік, «Үлкен дулыға» турнирлерінің үш дүркін финалисі Онс Жабермен бетпе-бет келді.
Бірінші партияда Путинцева 3:0 есебімен алға кетті. Кейін өз геймін беріп қойғанымен, тағы екі брейк жасады – 6:2. Екінші сетті де Юлия брейкпен бастады – 2:0. Ақыры матчқа доп бергенде, қателескен жоқ – 6:4.
Юлия Путинцева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, 20 жастағы ресейлік Диана Шнайдермен кездеседі.
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Анна Данилина Аделаида (Аустралия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды
Қазақстандық теннисші ресейлік Ирина Хромачевамен бірге ширек финалда америкалықтар Эшлин Крюгер — Джессика Пегуламен кездесуі керек еді. Алайда америкалық жұп матчқа келмей қалды да, Данилина — Хромачева жартылай финалға ойнамастан өтті.
Қазақстандық-ресейлік жұп финалға шығу үшін бразилиялық Беатрис Хаддад Майя — германиялық Лаура Зигемундпен кездеседі

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
11.02.2025
ҚТФ баспасөз қызметі