Амир Омарханов АҚШ-тағы әлемдік жарыстың жеңімпазы атанды

17.12.2024    Оқылғаны: 216
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның 18 жасқа дейінгілер арасында бірінші ракеткасы Амир Омарханов жұптық сында АҚШ-тың Флорида штатында өткен ITF Juniors J500 Orange Bowl турнирінің чемпионы атанды. 


Қазақстандық теннисші ресейлік Тимофей Дерипаскомен бірге 18 жасқа дейінгілер арасында үздік шықты.

Қазақстандық-ресейлік жұп финалда швейцариялық Анри Берно – чехиялық Денис Петакпен бас жүлдені сарапқа салды. Омарханов – Дерипаско камбэкпен жеңіске жетті – 3:6, 6:1, 10:1.

Orange Bowl жыл сайын Плантейшенде өткізіледі. Жарыс жасөспірімдер арасында ресми емес әлем чемпионаты болып есептеледі. Матчтар жасыл топырақ төсенішінде ашық корттарда ойналады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер