![Амир Омарханов Мексикадағы турнирдің жартылай финалына шықты](/_images/news/amir_omarhanov_meksi_1732963641.jpg)
Амир Омарханов Мексикадағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстанның 18 жасқа дейінгілер арасында бірінші ракеткасы, жасөспірімдердің әлемдік рейтингісінде 19-орында тұрған Амир Омарханов бірінші санаттағы Мерида (Мексика) ITF Juniors J500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші ширек финалда жасөспірімдер арасында әлемнің 49-ракеткасы, америкалық Бенджамин Вилаерттің мысын басты.
Екі сет те 6:3, 6:3 есебімен Әмірдің пайдасына шешілді.
Амир финалға шығу үшін жасөспірімдер арасында әлемнің 28-ракеткасы, франциялық Томас Фурелмен таласады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
13.01.2025
ҚТФ баспасөз қызметі