Жібек Құламбаева Португалиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

25.11.2024    Оқылғаны: 332
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Лозада (Португалия) ITF W35 турнирінің чемпионы атанды.

Қазақстандық теннисші белоруссиялық Юлия Готовкамен бірге соңғы бәсекеде ресейлік Полина Яценко – бельгиялық Ханне Вандевинкельмен кортқа шықты.

Бірінші партияда Құламбаева – Готовко 6:3 есебімен басым түссе, екіншісінде ресейлік-бельгиялық дуэт есе қайырды – 6:1. 

Супер тай-брейкте Жібек  – Юлия жеңісті жұлып алды – 10:4.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер