Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне жолдама алды
Астанада Билли Джин Кинг кубогы аясында Қазақстан мен Корея плей-офф матчында есеп 3:0-ге жетті.
Сайыстың екінші күні кортқа Елена Рыбакинаның орнына әлемнің 29-ракеткасы Юлия Путинцева шықты.
Ол дүниежүзілік рейтингіде 418-орында тұрған Ку Ен Вумен шеберлік байқасты.
Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 7:5 есебімен тізе бүктірді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы қалған ойындардың нәтижесіне қарамастан, алдағы жылы сәуірде өтетін Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне жолдама алды.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
13.01.2025
ҚТФ баспасөз қызметі