
Зарина Дияс тартысты матчта қарсыласын ұтты
Астанада Билли Джин Кинг кубогы аясында басталған Кореямен плей-офф матчында Зарина Дияс Қазақстанды алға шығарды.
Биыл 31-ге толған З.Дияс әлемдік рейтингіде 383-орында болса, қарсыласы, 22 жастағы Да Ен Бак 314-сатыда еді.
Бірінші партияда кореялық теннисші 6:3 есебімен басым түсті.
Екіншісінде Зарина дәл сондай есеппен есе қайырды - 6:3.
Үшінші, шешуші сетте Зарина тай-брейкте Бакқа еш мүмкіндік қалдырған жоқ - 7:6 (7:0).
Екі сағат 52 минутқа созылған тартысты бәсекеде Зарина Дияс 13 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Да Ен Бактың еншісінде - 5 брейк (9 брейк-пойнт).
Осылайша, Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен алға шықты.
Бүгін сондай-ақ Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Сон Хен Пакпен ойнайды.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
20.03.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
17.03.2025
ҚТФ баспасөз қызметі