Елена Рыбакина жылдың қорытынды турнирінде екінші рет ұтылды
Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінде екінші матчын өткізді.
Қазақстандық теннисші дүниежүзілік рейтингіде өзінен екі саты төмен тұрған қытайлық Чжэн Циньвэньмен ойнады.
Осыған дейін қарсыластар екі рет кездесіп, Рыбакина жеңген болатын. Бұл жолы бірінші партияда қытайлық теннисші 4:1 есебімен алға шықты. Рыбакина таразы басын теңестіргенімен, тай-брейк Циньвэньнің еншісінде кетті - 7:6 (7:4). Екіншісінде Елена есе қайырды - 6:3. Алайда үшінші, шешуші сетте қытайлық теннисші басымдылық танытты - 6:1.
Рыбакина өз тобындағы соңғы кездесуін әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен өткізеді.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
30.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
25.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
21.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
18.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі